«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 778 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

Коммуналдық сектордағы, оның ішінде толығымен мемлекеттік меншікке жатқызылатын кәсіпорындарды ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде арнайы тетіктер әзірленген, оның ішінде:

коммуналдық кәсіпорындарды қаржыландыру проблемаларын шешу үшін МЖӘ негізінде ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалды (Шотландия, Солтүстік Ирландия);

қатысушылар жарналары мен басқа да қаржылық қаражатты жинақтайтын салалық қауымдастықтар есебінен;

арнайы инфрақұрылымдық облигацияларды шығару. Едәуір қаржы ресурстары бар жинақтаушы зейнетақы қорлары негізгі инвесторлар бола алады.

Қазақстанның ТКШ-да осы проблемаларды шешу үшін:

МЖӘ-ны ынталандыру шаралары іске асырылды;

ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі зерделенді;

банктік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын ықтимал субсидиялау үшін Коммуналдық секторды дамыту қорын құру, жеңілдікті пайыздық ставкаларды қолдану және т.б мәселелер қаралды.

 

 

6. Нормативтік құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету

 

ТКШ саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді талдау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Осы мәселе шеңберінде ТКШ-ны мемлекеттік реттеу мәселелерін регламенттейтін заң жобасын әзірлеу мүмкіндігін қарау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне коммуналдық сектор қызметтеріне тарифтің «инвестициялық құрамдас бөлігін» бюджеттік субсидиялау тетігін айқындау бөлігінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жауапкершілікті белгілеу бөлігінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына мемлекеттік органдардың құзыретін белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, ТКШ-ның жұмыс істеуінің нормативтік-техникалық және әдістемелік базасын жетілдіру бойынша тұрақты және жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

 

 

7. Мониторинг

 

ТКШ-ны жаңғырту мен дамыту жөніндегі шараларды іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында тұрақты мониторинг жасау негізінде саланың жай-күйіне талдау жүргізу қажет.

Мониторингтің негізгі тетіктерінің бірі ТКШ-ны жаңғырту мен дамытудың инвестициялық жобалары мен өңірлік бағдарламаларының орындалу тәртібін бақылау болуы тиіс.

Көрсетілген міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

статистикалық қадағалаулар жүйесі жетілдіріледі;

бюджет және өзге де қаражаттар есебінен қаржыландырылатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар инвестициялық жобалардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін арнайы есептілік жүйесі әзірленеді;

коммуналдық секторды реформалаудың өңірлік бағдарламаларының орындалуына орталықтандырылған мониторинг жүргізу жүйесі әзірленеді.

 

 

8. Кадрлық қамтамасыз ету

 

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бойынша пәрменді шара - білікті кадрлардың салаға тән тұрақтамауының алдын алу жөніндегі шаралар болуы тиіс.

Мемлекеттік органдар үшін білікті мамандар, коммуналдық сектор жұмысшыларын даярлау жүйесін күшейту қажет.

Осыған байланысты ТКШ үшін жоғары оқу орындарында да, техникалық және кәсіптік білім беруді іске асыратын оқу орындарында да, әсіресе «сумен жабдықтау және кәріз», «жылумен, газбен жабдықтау», «коммуналдық шаруашылықты басқару» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыс қайта басталуы, сондай-ақ тікелей кәсіпорындарда практикадан өту үшін жағдай жасалуы тиіс.

Сондай-ақ, ТКШ проблемалары бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталығын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдар үшін де, тікелей коммуналдық сектор ұйымдары үшін де кадрларды оқыту мен қайта даярлаудың салалық жүйелерін мемлекеттік қолдау және реттеу қажет.

 

 

9. Күтілетін нәтижелер

 

Тұжырымдаманы іске асыру ТКШ-ны жаңғырту және дамыту жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге оңтайлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа тарифтік саясат есебінен коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және жеке меншік капиталды тарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме азаяды.

ТКШ-ны жаңғырту инженерлік жүйелердің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етеді, азаматтардың өмір сүруі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасайды, коммуналдық қызметтердің өзіндік құнын айтарлықтай қысқартуға, энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеуге алып келеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 мамырдағы

№ 778 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын

жаңғырту мен дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі

2009 - 2014 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ЖОСПАР

 

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауапты

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжамды шығыстар *(млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Коммуналдық сектордағы инвестициялық жоспарлау

1.

Мыналарды көздей отырып, орталықтандырылған инвестициялық жоспарлаудың жалпы тәртібін әзірлеу:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

1) орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы міндеттерді бөлу;

2) коммуналдық қызметтерді өндіру мен тұтыну көлеміне, коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер деңгейінің өсуіне болжам жасау;

3) ресурс үнемдеу технологияларын міндетті түрде енгізуді және қаржыландыру схемасы мен көздерін айқындауды ескере отырып, коммуналдық сектор кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу

2.

Коммуналдық секторда инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

3.

Мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:

 

 

 

 

 

1) иесіз объектілерді кейіннен пайдаланушы ұйымдардың жарғылық капиталына беру мүмкіндігімен мемлекеттік меншікке беру;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, Қаржымині, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

2) әзірленген өлшемдерді оның ішінде инновациялық технологияларды енгізуді ескере отырып, коммуналдық секторды жаңғырту мен дамытудың инвестициялық жобаларын іріктеу тәртібі

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

4.

Коммуналдық сектор объектілеріне түгендеу жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді

 

5.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне паспорттар беру мақсатында жылу арқылы көріп, бұлжатпай бақылауды қолдана отырып, "технологиялық" және "энергетикалық" аудит жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, Қоршағанортамині, АШМ, БҒМ, ЭМРМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ (келісім бойынша)

2010 - 2011 жылдар

630,0

Республикалық бюджет

2010 ж. - 210,0

Республикалық бюджет

2011 ж. - 420,0

Республикалық бюджет

6.

Коммуналдық секторды жаңғырту мен дамыту инвестициялық жобаларының тізбесін жасау

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді

 

7.

Мыналарды қамтамасыз ету:

 

 

 

 

 

1) 2010 жылы тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту мен дамытудың инвестициялық жобаларын қаржыландыру кезінде Жол картасының қағидаттарын пайдалану;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді

 

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды арттыру;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

Талап етілмейді

 

3) облыс орталықтарын, Астана және Алматы қалаларын сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту мен дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесін орталықтандыра әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2011 жылдар

960,0

Республикалық бюджет

2010 ж. - 500,0

Республикалық бюджет

2011 ж.- 460,0

Республикалық бюджет

2. Коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру

8.

Коммуналдық қызметтер бойынша "инвестиция құраушы" тарифін ескере отырып, инвестициялық қажеттілікті бюджеттік субсидиялау тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИСМ, ТМРА

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

9.

Мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу:

 

 

 

 

 

1) бюджеттік сала ұйымдарының коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды (облигацияларды) шығару жөніндегі тетікті пайдалана отырып, инвестициялар тарту;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ТМРА

2010 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

 

2) тұтыну көлеміне қарай тұтынушылардың топтары бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтерді саралауды енгізу;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ТМРА, ИСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

3) сумен және жылумен жабдықтау бойынша экономикалық жағынан негізделіп сараланған тарифтер енгізу;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ТМРА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды ұйымдастыру мен іске асырудың рәсімдері мен шарттарын заңнамалық бекітіп беру;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИСМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

5) коммуналдық сектор ұйымдарының тиімділігін арттыруды ынталандыратын тарифтік реттеудің жаңа әдістеріне және тарифті белгілеудің қолданыстағы әдістерін кеңінен пайдалануға негізделген тарифтік саясатты жүргізу;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ТМРА, ЭМРМ, АШМ

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

6) табиғи монополиялар субъектілері үшін олардың өзге қызмет түрлерімен айналысуға шектеулерді алып тастау;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ТМРА, ЭМРМ, АШМ

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

7) реттеуші органның сараптама жүргізу кезінде бағаларды төмендетуге құқықтары болған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне белгіленген бағалар деңгейінен асырмай реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қою мүмкіндігін беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ТМРА, ЭМРМ, АШМ

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

10.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ғылыми-техникалық, инновациялық, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, БҒМ, ЭМРМ, "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы IV тоқсан

2010 ж. - 20,0

Республикалық бюджет

11.

Коммуналдық секторда негізгі қорды жаңғыртуға және жаңартуға арналған нысаналы қарыздарды Қазақстан Республикасының даму институттары арқылы беруді көздеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын, жарты жылда бір рет 25-күнге

Талап етілмейді

 

12.

Мынадай жүйелерді жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру:

 

 

2010 - 2014 жылдар

293 140,0

 

- сумен жабдықтау;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

132 900,0

 

 

 

 

2010 ж.- 22 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б.-14 900,0

Республикалық бюджет

Ж.Б.-7 500,0

Жергілікті бюджет

2011 ж.- 27 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б.- 18 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б.-9 100,0

Жергілікті бюджет

2012 ж.- 27 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 18 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 9 100,0

Жергілікті бюджет

2013 ж. - 27 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 18 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 9 100,0

Жергілікті бюджет

2014 ж. - 27 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 18 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 9 100,0

Жергілікті бюджет

- кәріз;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

42 900,0

 

 

 

 

2010 ж. - 8 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 800.0

Жергілікті бюджет

2011 ж. - 8 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 800,0

Жергілікті бюджет

2012 ж, - 8 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 800,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 900,0

Жергілікті бюджет

2013 ж. - 8 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 800,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 900.0

Жергілікті бюджет

2014 ж. - 8 700,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 800,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 900,0

Жергілікті бюджет

- жылумен жабдықтау;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

67 840,0

 

 

 

 

2010 ж. - 13 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 9 020,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 4 380.0

Жергілікті бюджет

2011 ж.- 13 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 9 170,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 4 230,0

Жергілікті бюджет

2012 ж. - 13 680,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 9 550,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 4 130,0

Жергілікті бюджет

2013 ж. - 13 680,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 9 550,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 4 130.0

Жергілікті бюджет

2014 ж.- 13 680,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 9 550,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 4 130,0

Жергілікті бюджет

- электрмен жабдықтау;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

25 000,0

 

 

 

 

2010 ж. - 5 000,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 3 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 1 700,0

Жергілікті бюджет

2011 ж. - 5 000,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 3 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 1 700,0

Жергілікті бюджет

2012 ж.-

5 000,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 3 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 1 700,0

Жергілікті бюджет

2013 ж.-

5 000,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 3 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 1 700,0

Жергілікті бюджет

2014 ж. - 5 000,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 3 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 1 700,0

Жергілікті бюджет

- газбен жабдықтау;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

7 000,0

 

 

 

 

2010 ж. - 1 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 000,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 400,0

Жергілікті бюджет

2011 ж. - 1 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 000,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 400,0

Жергілікті бюджет

2012 ж. - 1 400,0 (оның ішінде)

 

 

Р.Б. - 1 000,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 400,0

Жергілікті бюджет

2013 ж. - 1 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 000,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 400,0

Жергілікті бюджет

2014 ж.- 1 400,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 000,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 400,0

Жергілікті бюджет

- абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

17 500,0

 

 

 

 

2010 ж. - 8 020,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 5 300,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 2 720,0

Жергілікті бюджет

2011 ж. - 2 370,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 770,0

Жергілікті бюджет

2012 ж. - 2 370,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 770,0

Жергілікті бюджет

2013 ж. - 2 370,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б. - 770,0

Жергілікті бюджет

2014 ж. - 2 370,0 (оның ішінде)

 

Р.Б. - 1 600,0

Республикалық бюджет

Ж.Б.- 770,0

Жергілікті бюджет

3. Тұрғын үй қорын ұстау

13.

Бұзуға жататын авариялық тұрғын үйді және күрделі жөндеуге жататын тұрғын үйді анықтау мақсатында тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді

 

14.

Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі іс-шараларды іске асыру

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 - жылдар

4 500,0

Жергілікті бюджет

2010 ж. - 500,0

2011 ж. - 1 000,0

2012 ж. - 1000,0

2013 ж. - 1 000,0

2014 ж. - 1 000,0

15.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде авариялық үйлер тұрғындарының қоныс аударуы үшін тұрғын үй беру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

4. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

16.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында орталық атқарушы орган құру туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ТМРА, АШМ, Қоршағанортамині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

17.

Облыс, қала және аудан деңгейінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқарудың ұйымдастырылған құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

18.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып, коммуналдық сектор ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру, қызметтер көрсету сапасының стандарттарын енгізу, жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізгі акционердің функцияларын орындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ТМРА, АШМ, Қоршағанортамині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді

 

19.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы құзыреттің ара жігін ажырату және өзара іс-қимыл жасау тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

20.

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерін шешу үшін гранттар алу мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

21.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

22.

Газ инспекцияларын құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ТЖМ, ЭМРМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

5. Нормативтік құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету

23.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасы мен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

24.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 - 2014 жылдар

750,0

Республикалық бюджет

2010 ж. - 150,0

2011 ж. - 150,0

2012 ж. - 150,0

2013 ж. - 150,0

2014 ж. - 150,0

6. Мониторинг

25.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы статистикалық қадағалау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу

СА-ға ұсыныстар

ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

26.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын іске асырудың орталықтандырылған мониторингі жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

 

7. Кадрмен қамтамасыз ету

27.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін жоғары оқу орындарында да, техникалық және кәсіптік білім беруді іске асыратын оқу орындарында да кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

28.

Мамандықтар жіктеуішінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қажеттіліктеріне сәйкестігіне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

29.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталығын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, БҒМ, "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы І тоқсан

Талап етілмейді

 

 

*2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша шығыстар сомасы алдын ала болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясы айқындайтын болады.

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ЭБЖМ                  - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ККМ                   - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ЭМРМ                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

АШМ                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ТЖМ                   - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қоршағанортамині      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

ТМРА                  - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

СА                    - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

АҚ                    - акционерлік қоғам

Р.Б.                  - республикалық бюджет

Ж.Б.                  - жергілікті бюджет